Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақаншы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, қиын жол жағдайына тап болған шетелдік жүргізушіге кәсіби көмек көрсетті. Оқиға ауа райының қолайсыздығынан орын алды: тайғақ жол салдарынан Ресейден Қытайға бағыт алған жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Оқиға орнына жедел түрде Мақаншы ауданының патрульдік полиция тобының қызметкерлері – Елдос Алпыспаев, Дәулет Әділбек және Мұхамеджан Исламжанов келіп жетті. Жағдайды бағалап, жүк көлігін қауіпсіз эвакуациялау үшін арнайы техника шақыру шараларын ұйымдастырды.

Көлік құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанда, полицейлер жол қауіпсіздігін қадағалап, көлік қозғалысын реттеп, басқа жол апаттарының алдын алды. Бұл үйлесімді әрекеттердің арқасында мәселе жылдам шешіліп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қолайсыздықтар тудырмады.

Қытайдан келген жүргізуші полици я қызметкерлеріне көмектері мен кәсіби көзқарасы үшін шын жүректен алғыс айтты. Бұл оқиға қиын жол жағдайында құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсететін айқын мысал болды.