Қызылорда тұрғыны ауласында сора өсірген

Қызылорда тұрғыны ауласында сора өсірген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2024” жедел-профилактикалык іс-шарасы аясында  қызылордалық полицейлер ауласында есірткі өсірген қала тұрғынын ұстады.

Қылмысқа күдіктелген азаматтың үй ауласында 127 түп сора өсімдігі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 28 келі 490 грамм екендігі анықталды.

Сонымен қатар тексеру барысында үйдің ауласында орналасқан сарайдан 4 дана полиэтилен пакетіне және 1 дана кағаз қиындысына оралған өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас кептірілген шөп тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттар жалпы салмағы 6 келі 378 грамм екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.