Қостанайда полицейлер екі көлік ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
21 жастағы күдікті түнде Volkswagen көлігін қаланың шағын аудандарының біріндегі үйдің ауласынан ұрлап кеткен. Кілт көліктің ішінде болғандықтан, ұрлық жасау оған қиындық тудырмаған. Қаланың солтүстік бөлігіне жеткенде, патрульдік полицияның қызметтік көлігін көре сала, жүргізуші күмән тудыратын маневр жасап, содан кейін жарық бағанына соғылған.
Тексеру барысында полицейлер жүргізушінің көлік басқару куәлігі жоқ екенін және одан алкогольдің иісі шыққанын анықтады. Медициналық куәландыру мас болудың жеңіл дәрежесін көрсетті.
Көлік иесі тіпті оның мүлкі ұрланғанын байқамаған. Бұл туралы оған полиция қызметкерлері хабарлады.
Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот құқық бұзушыға 20 тәулік қамауға алуды тағайындады. Көлік тергеу кезінде мамандандырылған тұрақта болады.
ВАЗ 2110 көлігін басқарған 37 жастағы екінші жүргізушіні де полиция қызметкерлері құрықтады. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер оның көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар оның медициналық куәландыруымен мас болудың жеңіл дәрежесі анықталды.
Тексеру барысында тергеу нәтижесінде бұл автокөлікті Меңдіқара ауданының Қасқат ауылынан ұрлап кеткені белгілі болды. Көлік иесі оны жөндеуге берген және басқаруға рұқсат бермеген.
Мас күйінде және жүргізуші куәлігінен айырылса да автокөлікті басқару, сондай-ақ, көлік ұрлау фактісі бойынша бірден екі сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірінші қылмыстық құқық бұзушылық үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, екіншісі үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.
Ұрлаудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: дүкеннің жанында қалдырылған жабылмаған көлік немесе бейнебақылау жүйесі жоқ жарықтандырылмаған жерлерде тұраққа қою. Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін мұқият болуға және өз мүлкіне ие болуға шақырады.
Айта кетейік, республика аумағында 21-23 қазан аралығында “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Операцияның үш күнінде Қостанай облысының полицейлері бұрын жасалған жеті ұрлықты ашты.
Ұрланған көліктер мен олардың қосалқы бөлшектерін анықтау мақсатында гараж кооперативтерінде, жеке шеберханаларда, автотұрақтар мен базарларда тексерулер белсенді жүргізілді.
Сонымен қатар, автокөліктердің бөлшектерін заңсыз сатқан 19 өнірдің тұрғындары жауапқа тартылды.