ІІМ 25 жыл бұрын Орал қаласында болған екі адам өлтіру қылмысын ашты

Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында орын алған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

– Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады.

Алайда жедел – тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды.

Сотқа дейінгі тергеп -тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды.

Қылмыстық іс “Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі ”  бабы бойынша жүргізілуде .

” Заң және Тәртіп ” қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда , – деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов .