Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №61 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталған Ж. есімді азаматқа сәлемдемелер мен бандерольдерді беру кезінде телевизиялық рентген аппараты арқылы екі смарт-сағат (интернетке кіру мүмкіндігі және SIM-картасы бар ) табылып, тәркіленді.
Тыйым салынған заттар мұқият түрде фольгаға оралған, аяқ киімнің табанына жабыстырылған. Сәлемдемені Теміртау қаласында тұратын А. есімді күдікті жіберген.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін бұл хабарлама тіркелді.