СҚО-да мас күйде көлік тізгіндеген 16 жүргізуші анықталды

СҚО-да мас күйде көлік тізгіндеген 16 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 айда Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 176 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 244 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жаз айларында автокөліктер саны артады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу және жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 9 шілдеден бастап полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді.

Сәрсенбі күні сағат 15-тер шамасында Петропавл қаласының Побелянский көшесінде қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде мотоблокты басқарып жүрген, көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ 58 жастағы Жұмысшы кентінің тұрғынын тоқтатқан. Медициналық куәландыру жеңіл дәрежедегі мастықты көрсеткен. Жігітке қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, оның санкциясы 20 тәулік әкімшілік қамауға алуды көздейді. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы облыс бойынша көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 16 жүргізуші ұсталды.

– Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінің қорытындысы бойынша 574 жол қозғалысы ережелері бұзушылығы анықталды. Оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 160 фактісі, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші ұсталып, сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаумен айналысудың екі фактісі анықталды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жылдамдық режимін асырмай, маневр жасау ережелерін сақтауға, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шықпау, қажетті арақашықтықты сақтау, сондай-ақ жалпы алғанда көлік құралдарын жүргізу кезінде барынша мұқият болып жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Полицейлер жылдамдықты шамадан тыс асырып, мас көлік күйде басқаратын адамдарды анықтап қана қоймай, жаяу жүргіншілер арасында бұзушылықтардың алдын алу бойынша да профилактикалық жұмыстарды атқарады. Тек екі күн ішінде жолдың белгіленбеген жерінен өтуінің 82 фактісі анықталды

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы 12 шілдеде аяқталады.