Павлодар облысында биыл интернет-алаяқтықтың 800-ден астам фактісі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Желілік алаяқтықтарды алдын алу мақсатында құқықтық тәртіп сақшылары азаматтарға өздерінің сауалнамалық және банктік деректерін үшінші тұлғаларға таратпауды, SMS-код арқылы келіп түсетін сілтемелер бойынша WhatsApp-қа немесе электрондық поштаға өтпеуді тағы да еске салады.
Банк өкілдері де, мемлекеттік органдардың өкілдері де ешбір жағдайда бірде-бір азаматқа телефон арқылы да, мессенджерлер арқылы да жүгінбейді. Нақты нұсқаулар бар, егер бұл мемлекеттік органдар болса, онда бұл ресми хабарландыру болады, міндетті түрде ресми арналар арқылы, яғни Egov арқылы немесе электрондық пошта арқылы тапсырыс беріледі.
Қаржыңызға қатысты кез келген әрекетті жасамас бұрын, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, қажет болған жағдайда жауапты мамандармен кеңесу маңызды.