Шымкентте криминалист қаңтар айында жасалған ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаңтар айында Шымкент қаласының әртүрлі ауданынан пышақ жарақаты салынған үш ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірушілерді іздеу үшін полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Куәгерлерге сауал жүргізу кезінде полиция қызметкерлері шабуыл жасағандарды көруі мүмкін деген куәлерді анықтады. Үш қылмыстың куәлері бір адамды сипаттады.
Шымкент қаласының ПД ЖКБ криминалисі Ұлан Сейтханов әрбір куәмен байланыс жасады. Оның бөлшектерге зейінділігі мен алғырлығы қылмыскерді криминалистикалық база бойынша танып-білуге көмектесті.
Алынған ақпарат тез арада жедел қызметкерлерге беріліп, қылмыскер ұсталды. Осылайша қылмыс ашылды.