БҚО-да студенттер ақша бопсалады деген күдікке ілінді

БҚО-да полиция қызметкерлері бопсалау күдігі бойынша қала колледждерінің бірінің екі студентін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілердің төменгі курс студенттерінен күш қолданып, қорқытып, ақша талап еткені анықталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

БҚО полиция департаменті жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.