Биыл Қызылорда облысында ЖБО камералары арқылы 93 қылмыс ашылды

Биыл Қызылорда облысында ЖБО камералары арқылы 93 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы жедел басқару орталығының қызметкерлері жыл басынан  26 мың астам хабарлама қабылдады. Күн сайын кезекшілікке 14 қызметкер түседі: бейнебақылау инспекторлары, күштер мен құралдарды басқару тобының инспекторлары және “102” пультіне қоңырау қабылдайтын оператор.

Күн сайын “102” пультіне шамамен 200 қоңырау түседі. Бейнебақылау инспекторлары автокөлік жүргізушілерімен жасалған құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде бақылап, анықтайды. Құқық бұзушылықты анықтағаннан кейін немесе қылмыс туралы телефон хабарламасын алғаннан кейін, кезекші бейнебақылау инспекторы алынған ақпаратқа жедел жауап беретін жақын маңдағы жасағына деректерді береді.

ЖБО бейнекамерасының жұмысы арқылы жыл басынан  93 қылмыс ашылды, оның ішінде: ұрлық – 12, есірткі құралдарын сақтау – 24, көлік құралын мас күйінде басқару – 21. Сондай-ақ бейнекамераның көмегімен 30834 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 434–бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) – 2480, ҚР ӘҚБтК–нің 440-бабы бойынша (алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) – 1555, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін — 262, сондай-ақ басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – 55.