Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Астана Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (“Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу”) бойынша соталды Іс жүргізу басталғаны айтылды. Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.
“Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (“Судьяға жала жабу”) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғарғы сот Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескерттті.”.
Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетіні айтылды.