Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Петропавлдағы NQDC компаниясы жүзеге асырып жатқан «Фантазия» сауда үйінің құрылыс алаңына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
NQDC компаниясының бас директоры, партия мүшесі Жабай Наскенов Respublica командасына деген көзқарасын білдірді.
«Бұл – жас, жігерлі әрі нәтижеге бағытталған партия. Мұнда жаңа буынның өкілдері көп. Олар халықты тыңдап қана қоймай, елдің мәселесін жүрекпен түсініп, нақты шешім таба біледі. Бүгінде Қазақстанға дәл осындай ұстаным қажет», – деді Жабай Наскенов.
Respublica өкілдерінің айтуынша, еңбек ұжымдарымен тұрақты әрі ашық диалог жүргізу – өңірлердегі түйткілдерді жергілікті жердің өзінде көріп, халықтың талап-тілегін заңнамалық бастамалар арқылы шешудің маңызды жолы.










