Ақтауда полицейлер есірткі дилерін құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған.
Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді.
Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.