Ақмола облысында үсіп қалған ер адам ауруханада қайтыс болды

Ақмола облысының Зеренді ауданында, Айдарлы ауылының маңындағы Қайранкөл көлінде ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судағы балықшыны құтқару жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

“Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол дәрігерлердің қолына тапсырылды. Алайда соңғы мәлімет бойынша, ер адам үсіп қалу салдарынан көз жұмды”, делінген төтеншеліктер хабарламасында.