Астанада есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“ Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері Mersedes автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру өткеннен кейін жүргізушінің көлікті есірткі қабылдап басқарғаны анықталды.
Сонымен қатар көлікті тексеру кезінде көліктің салонында оқ дәрісі бар ОСА травматикалық тапаншасы табылды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа орналастырылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде.