Алматыда қалта ұрылары қолға түсті

Алматыда қалта ұрылары қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.

Исаев өткен жылы қолға алынған шаралардың арқасында 513 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 315 ұры, сондай-ақ қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 102 топтың қылмыстық әрекетінің алдын алғанын айтты. Полицейлер азаматтарға мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін ескертеді: қоғамдық орындарда абай болыңыз, жеке заттарыңызды бақылауда ұстаңыз және құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз. Күдікті жағдайларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.