Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова концертінде көрерменді күлкіге қарық қылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Концерт барысында актер Жанатбек Бәйтеков әншіге үлкен аю ойыншық сыйлаған. Мақпал Жүнісова мұндай тосынсыйды көргенде таңғалып, әзілдеді.
«Байың жоқ, осыны құшақтап жат дегің келіп тұр ғой. Мұны бергенше тірі еркек алып келмедің бе?», — дейді әнші.
Көрермен қауым әншінің әзілқой мінезіне тәнті болды.
«Мақпал апайымыздың концертіне қош келдіңіздер. Апайымыздың өзі де, өмірі де, құшағы да гүл. Елдің нағыз еркесі, халықтың қалаулысы», — деді актер Жанатбек Байтеков.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










