Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отадан кейінгі жағдайын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол операция алдында түрлі ой мазалап, қорқыныш болғанын жасырмады. Сонымен қатар өтіне жасалған ота сәтті өткенін айтып, өзіне тілеулес болған көпшілікке алғыс білдірді.
«Доктор Русланға айтар алғысым шексіз! Қанша жылдан бері өтімді түгел алдыруға қимай, әйтеуір бір кездері өтті қалдырып, тасын алатын емші шығар деп күткенмін. Алдағы уақытта ұзақ уақыттарға ұшатын кездерім көп екен, ұшақта приступ берсе қайтемін деп уайымдайтынмын. Бір қызығы түнде өзімнен-өзім шошып оянып кеттім. Телефонды қолыма алып, инстаны ашып қалғаным сол, алдымнан доктор Руслан шыға келді, дереу ақтарып түгел пікірлерді қарап шықтым. Таң намазы кез ғой жобасы, дұға қабыл болатын сәт. Бірден осында барамын деп шештім де, таң атысымен хабарласып, келетінімді ескерттім. Бәрі сәтті шығып, бір күн жатып, бүгін үйге шығып жатырмын бұйыртса. Менің әдетім, көп ойланып айнып қалмай тұрғанымда, бірден шешім қабылдап кірісіп кететінім бар. Екінші, елден дұға сұраймын, көп тілегі қабыл болатынын білемін, бәріңізге рақмет! Не болса да сәтті аяқталды. Алла дендеріңізге саулық берсін!» – деді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










