Астанада «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордадағы Astana Mall сауда-ойын сауық орталығында «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұнда Қарағанды, Қостанай, Қызылорда секілді облыстардан 100-ге жуық қолөнерші келген. Олардың біреуі ойыншық, енді бірі әшекей бұйымдарын елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынып отыр.

Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін болады.Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады.Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.