«Астана Балет» Алматыдағы гастролін аншлагпен аяқтады

« Астана Балет» театры Алматыдағы жыл сайынғы гастрольдік сапарын табысты аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2-7 мамыр аралығында Almaty Theatre сахнасында елордалық ұжым көпшіліктің қызығушылығын тудырған жарқын қойылымдарын паш етті . Барлық спектакль заманауи қазақстандық балет өнеріне деген көрермен қауымның зор ілтипатын растай отырып, толық аншлагпен өтті.

« Театр үшін орындаушылық деңгейін биік ұстап қана қоймай, көркемдік көкжиегін үнемі кеңейтіп отыру аса маңызды. Биыл біз алматылық көрерменге шығармашылық ізденісімізді және көрерменмен заманауи сахна тілін де сөйлеуге деген ұмтылысымызды көрсететін жаңа қойылымдарды ұсындық. Біз гастрольдер қалың көпшіліктің осындай ықыласын тудырғанына қуаныштымыз» , – деп атап өтті театр директоры Таир Қаратаев.

Гастроль шымылдығы биыл күзде премьерасы өткен екі актілі «Қос кілем» балетімен ашылды. Ежелгі Әзербайжанның Ширван кілемі туралы аңызына негізделген ауқымды қойылым көрермен қауымды р әміздер әлеміне, адам тағдырына және терең сезімге бөледі. Уақыт, соғыс және көз жазып қалу сынақтарынан өткен махаббат хикаясы қойылымның көркем пластикалық тілінің арқасында көрермен қауымның зор қошеметіне ие болды. Либретто авторы әрі жобаның идеялық бастама шысы – Валерий Копейкин, қоюшы-режиссер әрі хореограф – Александр Могилев.

6- 7 мамырда көрсетілген   Carmina Burana  балет-кантатасы г астрольдің шарықтау шегіне айналды . « 2025 ж ылдың үздік қойылымы» атағына ие болған қойылым балет, хор, оркестр және солистерді бір сахнад а біріктіріп, ауқымды синтетикалық сахна әрекетін жасады. Махаббат, азғыру, рухани таңдау және қарама-қайшылықтардың күресінің м әңгілік тақырыб ына арн алған қойылым көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Қоюшы-хореографтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және театрдың бас балетмейстері Мук арам Абубахриева мен Тимур Загидуллин. Музыкалық сүйемелдеуді бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі оркестр, хор және солистер орындады. Қойылымд а опера солистері – баритон Әділ С ұлтан, тенор Талғат Аллабиринов және сопрано Фируза Рахметова өнер көрсетті . Қойылымға бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Темірбекованың жетекшілігімен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының хоры да қатысты.

« Алматығ а гастрольдік сапар – театрымыз үшін ерекше оқиға. Біз көрермен қауымның ілтипаты үшін , толық залдар және шынайы эмоциялар үшін алғыс айтамыз. Біз үшін жаңа қойылымдардың Алматы көрерменінің осындай шынайы ықыласын тудырғаны өте маңызды» , – дейді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан К анетов.

« Астана Балет» гастрольдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп, көктем маусымының жарқын мәдени оқиғаларының біріне айналды.