Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді

Алматыда 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, «IL Canto» квартеті, Жәмила Серкебаева және т. б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.