Алматы қалалық ПД-да Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласының полициясында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік концерт ішкі істер органдарында қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген әйел қызметкерлердің құрметіне ұйымдастырылды. Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қызметкер әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың ішкі істер органдары жүйесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол әйел полицейлердің кәсібилігіне, жауапкершілігі мен қызметке адалдығына жоғары баға берді.
Сондай-ақ департамент бастығы ішкі істер органдарының әйел ардагерлеріне алғыс білдіріп, олардың кәсіби дәстүрлерді қалыптастырып, мол тәжірибесін жас буынға жеткізудегі еңбегін атап өтті.
Салтанатты шара аясында қызметкерлер мен қонақтарға арнап қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Танымал әндер шырқалып, көрермендерге көктемгі көңіл күй мен көтеріңкі рух сыйлады. Мерекелік бағдарлама жауапты қызметті абыроймен атқарып, кәсіби жетістіктер мен отбасылық өмірді үйлестіре білген әйелдерге көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын белгісіне айналды.








