Солтүстік Қазақстанның мақтанышы – «Sensitive» би театры тағы да үздік атанды. Бұл жолы өнерпаздар Дубайдағы халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауда бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.
«DANCE-FEST DUBAI» фестивалі сәуірдің 29-ы күні Дубайда басталды. Халықаралық дода 4 мамырға дейін жалғасады. Оған 6 елдің 200-ден астам бишілері қатысуда. Сайыс нәтижелері бойынша «Sensitive» би театры бас жүлдені иеленді. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Е.Кузьмин мен Е.Воропаева «Танго» және «Самба» хореографиялық қойылымдарын ұсынып, «Дуэт» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.