127 мың астаналық оқушы мен студент бір уақытта қазақ күйлерін орындады

Бұл өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.Домбырашылар челленджінің мақсаты – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкадағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және ұлттық аспабымыз домбыраны барынша дәріптеу.Мұндай челлендж елімізде биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.