«Өлең сөздің патшасы»: Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жыр кеші өтті

Хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай елордадағы Жастар театрында «Өлең сөздің патшасы» атты жыр кеші өтті, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кештің мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, қазақ өлеңінің құдіретін насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кеште 20 мен 70 жас аралығындағы көпке танымал елордалық қаламгерлер өз өлеңдерін қала тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдеріне, яғни көрерменге тарту етеді.