Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммиті қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі академиясының Президенті Шаин Мұстафаев және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гюнай Эфендиевамен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған ұйымдардың басшылары Түркі мәдениеті мен мұрасын халықаралық аренада зерделеу және дәріптеу жөніндегі өз қызметтері туралы баяндап, түркі елдерінде ғылым және білім беру әлеуетін дамыту бойынша ағымдағы жобалар туралы ақпарат берді.