Қонаев қаласында «Мың бояулы аспан» халықаралық шарлар фестивалін ұйымдастыруды жоспарлап отыр

«МЫҢ БОЯУЛЫ АСПАН» – бұл азаматтардың бірлігі мен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қоятын фестиваль. Фестиваль Қонаев қаласының ірі іс-шаралар мен отбасылық мерекелерді өткізу орны ретінде оң имиджін қалыптастырады және Алматы облысында «оқиғалы туризмді» ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқындалады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оның негізгі мақсаты – облыстың, осы аймақтың және мемлекетіміздің туризмі мен экономикасын дамытуға жәрдемдесу.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі бұл жобаны мемлекеттік бюджеттен 183 млн теңгеге қаржыландыруды жоспарлаған. Алайда, демеушілер тарту жұмыстары оң нәтиже беріп, «Мың бояулы аспан» халықаралық шар фестивалі коммерциялық жоба ретінде, жергілікті демеушілер мен кәсіпкерлік құрылымдармен келісім жасау арқылы өткізілетін болып қайта мақұлданды.

Оқиғалы туризм – әлемде кең танымалдыққа ие болған және Қазақстанда даму сатысында тұрған туристік қызметтің перспективалық бағыты. Ол басқа туристік қызмет түрлерінің ішінде интерактивтілігімен, яғни іс-шараға адамдардың көп бөлігін тартуымен, эмоционалдылығымен және тақырыптық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Өйткені Алматы облысы ішкі және келетін туристер саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.

Фестивальда аспанға алып шарлар мен батпырауықтарды ұшыру жоспарланған. Оған әлемнің түрлі елдерінен өкілдер қатысады.Шарлар Қонаев қаласының аспанын безендіріп, оны үздіксіз көркем кенепке айналдырады.

Фестиваль жергілікті өңірде интерактивті өте көркем бағдарламамен сүйемелденеді. Шарлармен ұшудан басқа, батпырауық сайысы, балалар мен ересектерге арналған интерактивті іс-шаралар, жарқын интернет-контентке арналған фотоаймақтар, музыкалық және театрлық шоулар, түнгі жарық қойылымдарымен жалғасады.