Бекарыс Шойбеков – ақындар арасында «айтыстың киллері» атанған белгілі айтыскер. Сөздің киесін сезініп, жүйесін таба білетін түркістандық арқалы айтыскермен Aikyn.kz сұхбат құрған еді. Ол айтыстағы жауапкершілік, қарсыласпен сөз қағыстыру мәдениеті, үлкен буынмен айтысудың өзіндік әдебі жайында кеңінен әңгімеледі.
Aikyn.kz: Қызметте жүрген ақынның айтысқа шығуына кедергілер көп бола ма?
– Қазіргі ақындардың дені белгілі бір қызметте жүр десек, артық айтқандық емес. Әрқайсысының үлкенді-кішілі міндеті бар. Ал ауқымды, жауапты қызметте жүргенде, айтысқа шығу түгілі, оны ойлауға да мұрша болмайтын сәттер жиі кездеседі. Мұны өз басымнан өткердім. Түркістан облысында білім бөлімін басқарған жылдары айтысқа қатысу былай тұрсын, қарамағымдағы жүздеген мекемені толық аралап үлгеру де оңай болмады. Ондай жағдайда айтысты ойлау мүмкін емес. Сондықтан жауапкершілігі жоғары қызметке келген адам үшін айтысқа уақыт табу қиын. Ал егер қызметтің ауқымы мүмкіндік беріп, арасында сұранып барып, айтысқа қатысуға жағдай жасалса, ондай ақындар өнер мен қызметті қатар алып жүре алады. Бүгінде сондай үйлесімді тапқан ақындар да аз емес, – деді ақын
Сұхбаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз










