Елордалық Арбатта қала тұрғындары мен қонақтарына «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиевтің ұлттық киімдерінің дефилесі көрсетілді.
«Наз» би театрының әртістері Есіл өзенінің жағасында естен кетпес көңіл күй сыйлап, белгілі әндер мен әуендерді орындады.
Астана күнін мерекелеу аясындағы іс-шара 8 шілдеге дейін жалғасады.Апта бойы қонақтар Қазақстанның мәдени мұраларын сахналайтын әртістердің қойылымдарын тамашалайды.