Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы көрерменіне алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Испаниялық әнші Астанада және Алматыдағы Орталық стадионда концерт өткізген болатын.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы бірінші концертінде ерекше қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, концерттен үзінді видеолар жариялады.
«Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Осындай қонақжайлық танытып, таңғалдырғаныңыз үшін тағы да рақмет!» — деген әсерлі жазба жариялады әнші.
Айта кетейік, әнші Қазақстандағы концертінде көрерменге «Сәлем!» деп қазақша амандасып, алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









