Шымкент: «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы өтті

Шымкентте «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Туынды қазақ мәдениетінің өрлеуі мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы мен қызметіне арналған. 

Жаңа кітаптың авторы шығыстанушы Санжар Керімбаев. Өзбекәлі Жәнібеков – қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғырту және дамыту жолында ерен еңбек сіңірген тұлға. Қаладағы Александр  Пушкин атындағы кітапханасында өткен іс-шараға ақынның шәкірттері мен көз көрген замандарстары қатысты. Сонымен қатар танымал ақын жазушылар мен зиялы қауым өкілдері де осында бой көрсетті. 

Туынды авторлары шығыстанушы Санжар Керімбаев пен жазушы, аудармашы Әділбек Нәби.  Кітаптың алғашқы тұсаукесері  Алматы қаласында өткен. Авторлар Шымкенттік оқырмандар үшін де таныстырылым  рәсімін ұйымдастырғанды жөн көріпті. 

Қазіргі таңда кітаптың 5000 данасы басылып шыққан. Автор алдағы уақытта тираж көлемі артатынын айтты.

Туындының авторы, шығыстанушы Санжар Керімбайдың сөзінше, аталмыш шығарма еліміздің барлық ірі қалаларында таныстырылатын болады. Мәдени және әдеби салаға теңіз тамшысы сынды қосылып отырған кітап, оқырмандар үшін біраз азық болатын тың дүниелерге толы. 

Ақынның еңбектері Шымкенттегі барлық кітапхана сөрелерінде қойылған. Бұдан бөлек, шаһардағы әмбебап кітапханада «Тағдыр тағылымы», «Ғибратты ғұмыр», «Жолайырықта» сияқты  таңдамалы шығармалар жинағы да бар. Айта кетейік, жаңа кітаптың таныстырылымы Түркістан қаласы мен Өзбекәлі Жәнібековтің туып өскен жері Отырар ауданында өтеді деп жоспарлануда.