Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті. Аталған жиында “Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы” атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.