Түркістанда жуырда заманауи жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында мәдениет саласын дамыту және тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы бүгінде 90 пайызға аяқталған. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралау барысында мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.