Елорда күні: Астанада балалар сұлулық байқауы ұйымдастырылды

Байқауға Астана, Ақтау, Қонаев, Қызылорда, Орал және Павлодар қалаларынан 45 бала қатысты. Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сұлулық байқауының негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің кимешек, сәукеле, жаулық, қамзол, бас киім (тақия) сияқты ұлттық киімдердің құндылығын бейнелейтін қазақ халқының мәдени мұрасымен байланысын қалпына келтіру.