Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
– Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Мажарстандағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, – делінген жазбада.
Айта кетейік, өнер иесінің репертуарындағы «Love’s Not Over Yet» әні осыдан 1 ай бұрын ғана жарық көрген еді.