Дзеффирелли қойған «Аида» «Опералия» фестивалінде

« Астана Операдағы» « Аида» – елордалық көрермен әрдайым асыға күтетін оқиға . 2014 жылы миландық « Ла Скала» театрының қойылымын қазақстандық сахнаға көшірген Ф.Дзеффиреллидің орасан зор қойылымы әр жолы өзінің ұлылығымен таңғалдырады. Перғауындар заманындағы Ежелгі Мысырдың керемет сұлулығын сахнада суреттеу үшін сахнада жүк көтергіштігі 30 тонна болатын көпқабатты, массивті, сан-салалы декорациялар орнат ылған. М.Милленоттидің эскиздері бойынша тігілген 500 костюм әрекетті ежелгі әлемнің тірі мұражайына айналдырады. Көпшілік сахналарға 400-ден астам опера, хор, балет және миманс әртісі қатысады.

Биыл бұл қойылымда Қазақстан, Мексика, Италия және Ресейдің тамаша солистері өнер көрсетеді .

27 маусымда Аиданың әкесі Амонасро патша ның партиясын Мексикадан шақырылған солист Карлос Алмагер орындайды. Ол қ азіргі заманның сұранысқа ие драмалық баритондарының бірі, Испания, Бельгия және Португалиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты, Мексиканың ұлттық марапатт арының иегері. Оның репертуарынд а Дж. Верди және Дж. Пуччини операларынан Риголетто, Макбет, Симон Бокканегра, Набукко, Скарпия (« Тоска») және басқа да жетекші партиялары бар . К. Альмагер Ковент- Гарден, Вена операсы, Берлиндегі Неміс операсы, Арена ди Верона секілді  әйгілі сахналарда өнер көрсетті.

  – Мен « Астана Опера» сахнасында « Аида» қойылымына қатысуды тағатсыздана күтіп жүрмін , – дейді Карлос Альмагер. – Амонасро – Дж. Вердидің баритондарға арналған ғаламат партияларының бірі. Мұнда монархтың ұлылығын, әкелік махаббатты және Отаны отарланған адамның терең азабы көрініс тапқан. Әдетте дайындығымды партитура мен мәтінді терең зерттеуден бастаймын: мен оның айтқанын ғана емес, әр сәтте не сезінетінін де түсінуге тырысамын. Сахнада мен осы кейіпкердің адамгершілігін, ішкі қуаты мен эмоциялық жан-жақтылығын көпшілікке жеткізуге тырысамын. Мен осы фестивальге шақырылған кейбір атақты әріптестермен бір сахнада өнер көрсету құрметіне ие болдым. Мен әртіс ретінде де, адам ретінде де шын жүректен таңданатын Джакомо Престиамен бірге біз Ла Коруньеде «Аида» және Канар аралдарындағы Лас-Пальмаста «Аттила» операларын орындадық. Сонымен қатар біз Тиранада Амади Лагамен бірге «Тоска» қойылымында өнер көрсеттік. Мен бұл орындаушыларды құрметтеймін, олардың кәсіби деңгейіне тәнтімін, – дейді К.Альмагер.

 

– « Астана Опера» театрында фестивальдің қатысушысы болу мен үшін зор мәртебе. Мен фестивальге шын жүректен үлкен табыс тілеймін және опера мен орындаушылық өнерді үнемі қолдағаны үшін көрерменге шын жүректен алғыс айтамын. Біздің « Аида» спектаклі көрермен қауымға ұмытылмас музыкалық-эмоциялық әсер сыйлайды деп үміттенемін, ал бұл опера мерекесі әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртістер мен көрерменнің басын қосуды жалғастырады, – деп қорытындылады мексикалық әнші.

Сол күні кешке перғауын А мнеристің зұлым әрі албырт қызын Анастасия Болдырева (Ресей – Италия) сомдайды , оны өз буын ының ең қызықты меццо-сопраносының бірі деп атайды. Халықаралық бағдарламалар лауреаты, HSBC Young Artists турының жеңімпазы, ол Зубин Мета, Риккардо Мути, Пласидо Доминго, Джанандреа Нозеда және Бернар де Бийи сияқты шеберлермен шығармашылық ынтымақта болды. Оның репертуарына әлемдегі ең беделді сахналардағы қойылымдар кіреді – Арена ди Верона, Рим, Неаполь, Палермо театрлары және Карнеги холл.

26 және 28 маусымда әскери қолбасшы Радаместің партиясын Амади Лага (Италия-Франция) орындайды. Француз-тунис теноры Париж консерваториясында шеберлікті шыңдай бастады. Оның ең көрнекті рөлдерінің қатарында « Турандоттағы» Калаф (Шанхай, Бейжің , Валенсия, Пуччини фестивалі), «Тоскадағы» Каварадосси және « Кармендегі» Дон Хосе (Арена ди Верона) және басқалары бар. Еуропаның әйгілі сахналарында өнер көрсететін әртістің репертуарында драмалық тенордың, оның ішінде, әрине, Радаместің партиялары ерекше орын алады.

Елордалық көрермен, әлбетте, сүйікті солистерімен де кездеседі. Аида партиясын еліміздің үздік әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина (26, 28 маусым) және Ұлпан Әубәкірова орындайды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Вицинская, Гүлжанат Сапақова (Амнерис, 26, 28 маусым). Мысыр патшасының партиясын – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шыңғыс Расылхан (26, 28 маусым) және Болат Есімханов сомдайды, Саян Исин (Радамес, 27 маусым). Сондай-ақ сахнаға Талғат Мұсабаев (Амонасро 26 және 28 маусым), Саргис Бажбеук-Меликян, Шыңғыс Расылхан (Рамфис), сондай-ақ операның жетекші солистері, хор, балет және миманс әртістері шығады. Бұл күндері «Астана Опера» симфониялық оркестрін Қазақстанның халық әртісі дирижер Абзал Мұхитдин басқарады.  

  Естеріңізге сала кетейік, «Аида» – өлімді жеңген махаббаттың әнұраны. Суэц арнасының ашылуына Мысыр үкіметінің тапсырысы бойынша жазылған опера алғаш рет 1871 жылы 24 желтоқсанда Каирде орындалды, содан кейін Миланда салтанатты түрде өтті. Бұл монументалды туындыда тартысқа толы жеке драма шерулер мен әнұрандардың фонында өрбиді. Қатыгез діни қызметкерлердің бейнелерінде Дж.Верди Аида мен Радаместің рухани сұлулығы мен моральдық төзімділігіне қарсы тұрған шіркеудің жеккөрінішті қараңғылығын атады: олардың махаббаты барлық сынақтарға, тіпті ажалдың өзіне жасқанбай қарсы тұрып, төтеп береді.