Продюсер Баян Алагөзова өзін әлеуметтік желіде балағаттаған емшіні сотқа беретінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзін қорлауға және жалған ақпарат таратуға жол бермейтінін атап өтті. Сонымен қатар мұндай мәселені сот арқылы шешетінін айтты.
“Әлеуметтік желіде адамдар аузына ие болмай, ойына не келсе, соны жаза беретін болды. Ақтөбеде TikTok-та ақшаға бата беретін бір «емші» тұрады. Оның адамдарды емдеуге лицензиясы бар ма? Салық төлей ме? Бұл — бөлек әңгіме. Бірақ бейжай қарауға болмайтын жағдай бар. Ұзақ уақыт бойы ол тікелей эфирлерде мені, Динара Сәтжанды мен басқа да адамдарды балағаттап жүр. Жалған ақпарат таратып жүр. Мені жобаларына мемлекеттен ақша алады дейді. Бұл — өтірік. Осы арқылы заңның бірден бірнеше бабын бұзып отыр. Қазір бұл мәселемен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Мен өзімді қорлауға жол бермеймін. Өзім туралы жалған ақпарат таратуға да жол бермеймін. Егер осылай жасағысы келіп жүргендер болса, сот күтіп тұрғанын біліп қойыңыздар. Ал кейін адвокаттарға кеткен барлық шығын да сіздерден өндіріліп алынады. Бір әйелді осылай сотта жеңіп шыққан едім”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдагүл емші жайлы айтылып жатқанын болжады. Себебі желіде оның бірнеше видеосы пайда болған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










