Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды

Алматы музейлері түркі әлемінде үздік деп танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы музейлері соңғы екі жылдың өзінде үлкен жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Түркі елдерінің ғана емес, Еуропа мен Азияның тұрғындары қазір Алматы қаласы ұйымдастырған бірегей көрмелерді көре алады. Мысалы, Стамбул, Сеул, Прага, Неаполь, Вена және әлемнің басқа қалаларында Қазақстан көшпенділері туралы көшпелі көрмелер өткізілді. Өнер мен тарихқа әуестенушілер сіздер ұсынған жәдігерлер мен артефактілерге таң қалысты. Осылайша, сіздер қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттап, еліңізге туристерді тартасыз және түркі әлеміндегі музейді зерттеу саласындағы қызметті дамытып келесіздер. Қала билігі сала өкілдеріне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіп жатқанын көріп отырмыз», – деді Сұлтан Раев марапаттау барысында