Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Алматының Абай алаңында Конституциясының 30 жылдығына арналған төрт сағаттық концерт ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен басталып, алаңды қуаныш пен бірлік рухына бөледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.