Алматыда ашық аспан астындағы кино кештері жалғасуда

Алматыда ашық аспан астындағы кино кештері жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күз маусымы киносүйер қауымға отандық фильмдерді ашық аспан астында көруге мүмкіндік береді. Бастаманы еріктілер ұйымдастырып, Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы қолдады.Биылғы көрсетілім қазақстандық режиссерлердің фильмдерін ұсынған «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ арқасында өтіп жатыр.Отандық кинокартиналармен бірге, кішкентай көрермендер үшін сүйікті балалар мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Барлығы 10 000-нан астам адамға 50-ден астам көрсетілім өткізілді.Апталық фильм көрсетілімі қаланың барлық 8 ауданында өтеді және ауа райы ашық болғанша жалғасады.Фильмдер кестесін комьюнити-орталығынан немесе @birgemiz.almaty Instagram парақшасынан және мына телефон нөмірі +7 747 821 6478 арқылы біле аласыз.