Алматыда мәдениет, тарих және туризмді біріктіретін «Алматының тарихи жады» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба зиярат мәдениетіне – көрнекті тұлғалардың қабіріне құрметпен бару дәстүріне ерекше мән береді. Орталық зират, Кеңсай-1 және Кеңсай-2 ашық аспан астындағы музей ретінде цифрлық маршрутқа енгізілді. Дерекқорға Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қосқанда 383 жерлеу орны тіркелген.Жоба сондай-ақ, мәдени мұрасы бай көшелерді де қамтиды. Мысал ретінде жазушылар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері тұрған Төлебаев көшесін айтуға болады. Жоба қала сарапшылары мен музейлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды,-делінген хабарламада.