Әнші, қобызшы Ақерке Бүркітбай енесі, Халық әртісі Роза Рымбаевамен танысқан сәтін еске алды , – деп жаз ды Aikyn.kz.
Ол Халық әртісінің ұлына тұрмысқа шығар сәтте қатты қобалжығанын жасырмады. Енесі сырттай қатал көрінетінін ойлап, қобалжығанмен, үйіне барып танысқаннан кейін көңілі орнына түскен.
« Тұрмысқа шықпай тұрып сырттай білетінмін, сондықтан қорқатынмын. Бір концертте бірге болғанда көзге түспеуге тырысатынмын . Әли мені үйге апарып, анасымен таныстырғанда бәрі өзгерді. Ол өте мейірімді, түсінігі мол, қамқор ана екен. Барлығын өзі дайындап, тамақ жасап, дастархан жайды. Сол сәтте қорқынышым бірден басылды», – дейді Ақерке Бүркітбай The DS’ Show бағдарламасын да.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










