Алматыда КСРО Халық артисі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды.Әншінің бейнесі Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне бейнеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Жобаның ерекшелігі Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрған екен.
– Осылайша, Халық артисінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ, – деп жазған Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.










