«Тірі кезінде қадірлеңдер…»: Нұрлан Албан жастарға кеңес берді (видео)

Әнші Нұрлан Албан жастарға ананы құрметтеп, бағалау керегін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қанша уақыт өтсе де, анасына деген сағыныш сезімі күшейе түскенін жеткізді. Ол ананың мейірімі мен қамқорлығы ешнәрсемен өлшенбейтінін айтып, көз жасына ерік берді.

«Анам өмірден өткенде жақындарым үлкендер «Бұл күндер де өтер, уақыт емші» деп басу айтқан еді. Күндер ұмытылғанмен, анама деген сағынышым үдей түсті. Ана – әр адам үшін ең қымбат жан. Біз кейде оның қадірін қасында жүргенде толық сезіне бермейміз. Сондықтан жас ұрпаққа айтарым – аналарыңды барында бағалаңдар, құрметтеңдер», – дейді Нұрлан Албан.

Ол жақын адамдарға жиі көңіл бөліп, жылы сөз айту маңызды екенін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.