Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында “Ынтымақ” мұнарасы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жетісу телеарнасы мәліметінше, аталған нысан – 2006 жылғы мектеп түлектерінің туған жерге жасаған ерекше тартуы. Биіктігі шамамен 30 метр болатын мұнара ауылдың көркін арттырып, көпшіліктің назарын аударды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Жалпақталда түлектердің туған ауылына тарту жасау дәстүрі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
Осы уақытқа дейін ауылда түлектердің қолдауымен саябақтар, спорт және балалар алаңы, субұрқақтар, ескерткіштер мен түрлі сәулеттік нысандар бой көтерген. Ал жаңа “Ынтымақ” мұнарасы – сол игі дәстүрдің жалғасы. Ауыл тұрғындары бұл бастаманы туған жерге деген құрмет пен бірліктің символы деп бағалады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









