Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінде өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
10-12 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтеді.
Бағдарламада этномәдени іс-шаралар, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ұлттық спорт ойындары және концерттік бағдарлама қамтылған.
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген фестивальде өнер көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









