«Бәріне дайын болдым…»: жетінші рет босанған Төреғали Төреәлінің жұбайы көз жасына ерік берді

Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялап, оқырмандарына ішкі сырын ақтарды. Әншінің жұбайы төртінші рет кесарь тілігі арқылы босанған.

«Ананың бойындағы қорқыныш, үміт қатар жүретін қандай сәт. Іштей өзімді бәріне дайындап келе жатырмын. Дәл сол сәтте көз алдыма тек балаларым келе берді… Оларға аман оралудың осыншалықты бақыт екенін түсіндіріп қояды ғой. Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен », – деді көз жасына ерік беріп. 

Желі қолданушылары көпбалалы анаға қолдау білдіріп, мықты денсаулық тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.