Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімімен Біржан Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.
Филармония ұжымы әнші-композиторды жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
– Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын! – делінген филармонияның құттықтауында.
Біржан Хасанғалиев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор.










