Фильмде ол Астанаға ерекше тоқталып, елорданы «Болашақтың қаласы» деп атады, шаһардың қарқынды дамуы мен заманауи сәулетіне тоқталды.
Атап айтқанда, блогер Astana Hub-қа барып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездескен. Сондай-ақ EXPO аумағында және Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі –«Нұрсұлтан» мешітінде болды. Бүгінде фильм YouTube желісінде 3,8 миллионға жуық қаралым, 147 мыңнан аса лайк жинады.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ










