Әнші Зарина Омарова апасының бейітінің басында ән айтып, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бейнежазбаны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Әнші бейіт басында «Анашым» әнін орындаған.
“Шымкентке келгенде апамның басына соқпай кетпеймін. Кеше Сәкен ағамның анасының батасын алып, енді бүгін өз апама барып сағынышымды басып қайттым” – дейді Зарина Омарова.
Оның бұл әрекетін түсінбей, сынға алғандар бар.
“Түп тамыр елге, апаның басына келіп, мауқыңды, сағынышты басып тұрсыз ба, сұлу қыз? Апасын сағынған немере», «Заринажан! Апаңның жаны жәннаттан болсын! Бірақ бейіт басына келіп ән айтпаған қазақ едік қой. Бұл жерде әруақтарға дұға ғана жүреді-ау», «Құран оқудың орнына ән айтқан несі?», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










